Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиадаға қашан аттанады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызОңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасын салтанатты түрде шығарып салатын күн белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Салтанатты шара 23 қаңтарда сағат 15.00-де АИБА Бокс академиясында (Талғар ауданы, Алматы облысы) өтеді.
Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеттің басшылығы, сондай-ақ шаңғы спорты, биатлон, фристайл-акробатика мен фристайл-могулдан ұлттық құрама командалар қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.