Хоккей

Aстанада мықтылар ғана өмір сүреді – хоккейші Дамир Рыспаев

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық хоккейші Дамир Рыспаев ресейлік шолушы Павел Лысенковқа берген сұхбатында Астана туралы және хоккейден басқа немен айналысатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

- Сенің қандай жақсы қасиетің бар? Мысықты жақсы көресің бе?

- Үйде мысық жоқ. Мен оларды жеп қойдым. Итті де.

- Сені жақсы қырыңнан таныта алмаймын ба?

- Жоқ.

- Қандай қызығушылықтарың бар екенін айтшы.

- Қарда жүретін машина не атпен аңшылыққа шығу. Иттермен де аң аулауға шығамын. Русь патшалары солай аңшылыққа шыққан. Киноға, мейрамханаға барған да ұнайды.

- Астанада қандай орындарға баруға кеңес бересің? Мұнда қыс қатты суық, тіпті боран. Адамдар көшеде ұшып жүр.

- Біздің қалада мықтылар ғана өмір сүреді. Солай табиғи сұрыпталу жүреді. Жел ұшырып кетсе – сау болыңыз. Жас жігіт ретінде Icon түнгі клубына баруды ұсынамын.

- Театрға барасың ба?

- Мен ұнатпаймын деген сөз емес, бірақ бір рет те барып көрмеппін.

Түпнұсқасы: Baq.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер