Жеңіл атлетика

Жабық кешендегі Азия чемпионатына қатысатын толық құрам анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Иран астанасы Тегеранда өтетін жабық кешендегі Азия чемпионатына қатысатын құраманың толық тізімін жариялады.

Азия чемпионаты 1-3 ақпан аралығында өтеді. Құрама сапында 25 спортшы бар (10 ер, 12 әйел). Өскемен қаласында өткен Қазақстан кубогының бірінші кезеңі (10-11 қаңтар) мен Қазақстан чемпионатының (15-16 қаңтар) нәтижесіне сәйкес, құрама жасақталды.

2017 жылы Ашхабадта өткен жабық кешендегі Азия ойындарында жүлде алған бес спортшы Тегеранда да ел намысын қорғайды. Олар – Виктория Зябкина, Элина Михина, Иван Иванов, Мария Овчинникова, Михаил Литин.

Ерлер:

1. Владислав Григорьев (Қарағанды облысы, 1997) – 60 метрге жүгіру;

2. Виталий Земс (Қарағанды облысы, 1996) – 60 метрге жүгіру;

3. Михаил Литвин (СҚО, 1996) – 400 метр, 4х400 метрлік эстафета;

4. Дмитрий Коблов (ОҚО, 1992) – 4х400 метрлік эстафета;

5. Игорь Кондратьев (Павлодар облысы 1991) – 4 по 400 метров;

6. Андрей Соколов (Алматы, 1995) – 4х400 метрлік эстафета;

7. Сергей Зайков (Павлодар, 1987) –800 метрге жүгіру

8. Вячеслав Земс (Қарағанды облысы, 1998) – 60 метрге тосқауыл арқылы жүгіру;

9. Роман Лошкарев (Алматы, 1996) – биіктікке секіру;

10. Никита Филиппов (Алматы, 1991) – сырықпен секіру;

11. Даниил Полянский (Қарағанды облысы, 1991) – сырықпен секіру;

12. Иван Иванов (Алматы облысы, 1992) – ядро серпу;

Әйелдер:

13. Виктория Зябкина (Алматы, 1992) – 60 метр, 4х400 метрлік эстафета;

14. Рима Кашафутдинова (Қарағанды облысы, 1995) – 60 метрлік жүгіру;

15. Элина Михина (ШҚО, 1994) – 400 метр, 4х400 метрлік эстафета;

16. Светлана Голендова (Жамбыл облысы, 1993) – 400 метр, 4х400 метрлік эстафета;

17. Любовь Ушакова (Қарағанды облысы, 1997) – 4 х400 метрлік эстафета;

18. Аделина Ахметова (Қарағанды, 1999) – 4 х400 метрлік эстафета;

19. Татьяна Нерознак (Қостанай облысы, 1989) – 1500 метрге жүгіру;

20. Әйгерім Шыназбекова (Алматы, 1992) – 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру;

21. Надежда Дубовицкая (ШҚО, 1998) – биіктікке секіру;

22. Анастасия Ермакова (Алматы, 2000) – сырықпен секіру;

23. Ирина Эктова (СҚО, 1987) – үш қарғып секіру;

24. Мария Овчинникова (Қарағанды облысы, 1998) – үш қарғып секіру;

25. Надежда Кирнос (Маңғыстау облысы, 1994) – бессайыс.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер