Бокс/Күрес/ММА

Даяшы Макгрегордың бапкерінен Головкин жайлы сұраған

news-banner7
mobile-news-top

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Конор Макгрегордың бапкері Джон Каванаг твиттердегі жеке парақшасында қазақстандық боксшы туралы болған диалогтан үзінді жариялады.

“Таңғы ас әкелген даяшы:

— Қайдан боласыз?

— Ирландиядан.

— О, керемет. Менің сүйікті боксшымды білесіз бе? GGG!

— Тамаша, бірақ ол Қазақстаннан.

— Иә, бірақ тұтас Ұлыбритания және барлығы…

— Иә, дегенмен мен ирландиялықпын.

— Олай болса, асыңыз дәмді болсын”.

Айта кетейік, Каванагтың ең танымал шәкірті – UFC чемпионы Конор Макгрегор.

Ал, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) 5 мамырда рингке оралып, мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш өткізеді деп жоспарланып отыр.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер