Әлем футболы

Криштиану Роналду Қытай біріншілігіне ауысуы мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду мансабын қытайлық «Тяньцзинь Цюаньцзянь» клубында жалғастыруы мүмкін.

Бұл туралы Gianlucadimarzio.com сайты мәлімдеді. 32 жасар португалиялық ойыншының клуб президентіне өкпесі қара қазандай. Перес Роналдуға жаңа келісім ұсынып айлығын көтеруді уәде еткенімен сөзінде тұра алмаған. Осы сәтті қытайлық клуб пайдаланып қалғысы келеді.

Мадридтік команда басшысы Роналдудың агенті Жорже Мендешпен кездесіп ойыншығы жаңа клуб іздестіруді тапсырған. Роналдудың «Реал» клубымен қазіргі келісімі 2021-жылы аяқталады.

Кейбір ақпарат көздері «Реал» ПСЖ клубына Роналдудың үстіне ақша қосып беріп Неймарға айырбас жасауды көздейтіндігін хабарлауда. Қалай дегенмен де бір нәрсе түсінікті сияқты, мадридтік команда шау тарта бастаған Роналдудан құтылудың жолын қарастыруда.

Биылғы маусымда Роналду «Реал» үшін Испания біріншілігнде бар болғаны төрт ақ гол соққан. Ал Зиданның командасы басты бәсекелесі «Барселонадан» 19 ұпай кем жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер