Бокс

Головкин WorldBoxingNews нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздігі атанды

news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) WorldBoxingNews нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы атанды.

Жеңімпаз дауыс беру арқылы таңдалды. Сауалнамаға қатысқандардың 7200, яғни 48 пайызы қазақстандық былғары қолғап шеберіне даусын берген. Ал екінші орынға WBO чемпиондық белбеуінің иегері Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) жайғасты. Үздік үштікті аса ауыр салмақтағы WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуа (20-0, 20 КО) түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер