ҚФФ президенттігіне Жақсыбеков қайта келуі мүмкін

ҚФФ президенттігіне Жақсыбеков қайта келуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Бас хатшы Азамат Айтқожин мен аймақтық футбол федерацияларының өкілдерінің қатысуымен онлайн-конференция өтті. Жиынның басты мақсаты - 10 ақпан күні Астанада болатын кезектен тыс Конференция еді.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов қызметінен бас тартқаны белгілі. Аймақтық федерацияның өкілдері ҚФФ президенті қызметіне Әділбек Жақсыбеков кандидатурасын ұсыну жөніндегі шешімді бірауыздан мақұлдады.

«Әділбек Жақсыбеков бұған дейін де біздің елдің футбол федерациясын басқарды. Сол кезде Қазақ футболының дамуында алға нық қадам жасалды. Ұлттық құрама отандық жанкүйерлерді өз ойынымен қуантып, ішкі чемпионаттың деңгейін көтеру арқылы біздің клубтар еурокубок турнирінің негізгі кезеңіне шыға бастады. Еліміздің барлық өңірінде мыңдаған балалардың спорттың осы түрімен айналысуына мүмкіндік беретін футбол орталықтары ашылды. Сонымен қатар, бұқаралық футбол да кеңінен насихатталды. Қазақстан 2014 жылы УЕФА Конгресін қабылдап, әлемдік қауымдастыққа танымал болды. Әділбек Рыскелдіұлы басқаруымен отандық футбол әрі қарай даму жолын жалғастырады деп санаймыз», - деді аймақтық федерацияның өкілдері.

Кезектен тыс Конференцияның дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті анықталады.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер