2016 жылы клубтарымыз футболшыларға 63 млн еуро төлеген

2016 жылы клубтарымыз футболшыларға 63 млн еуро төлеген
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА 2016 жылғы қаржылық есептемесін жариялады, деп хабарлайды Астана футбол федерациясының ресми сайты.

Онда Қазақстан премьер-лигасы жалақы төлеуден 17-орынға орналасқан... Қазақстан премьер-лигасындағы клубтар 2016 жылы футболшыларға 63 миллион еуро жалақы төлеген. Орта есеппен әр клуб 5,3 миллион еуро төлепті. ҚПЛ клубтары жалпы табыстарының 60 пайызын футболшылардың жалақысына жұмсаған. Естеріңізге сала кетейік, былтыр 13-орында болғанбыз...

УЕФА-ның 2015 жылғы қаржылық есептемесімен салыстарғанда, Қазақстан премьер-лигасында футболшылардың жалақысының орта көрсеткіші (мөлшері) 3%-ға төмендеген. Еуропада бізден басқа Уэльс (14%), Ресей (3%), Македония (3%) және Грузия (1%) елдерінде де бұл көрсеткіш түсіп кеткен.

Жалпы, Еуропада футболшыларға жалақы төлеуден былтырғыдай Англия көш бастап тұр (орта есеппен 153,9 миллион). Ал соңғы орында – Сан-Марино (0,1 миллион). Қалғандарын өздеріңіз төмендегі суреттерден (кестелерден) көре жатарсыздар:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер