Абель Санчес Альваресті «қашып жүру» стилінен бас тартуға шақырды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызWBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Абель Санчес мексикалық Сауль «Канело» Альваресті екінші жекпе-жек кезінде «қашып жүру» стилінен аулақ болуға шақырды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.
Бапкердің айтуынша, соңғы жекпе-жекте Альварес қашып жүрумен болды. «Реванш өтетін болса, Альварес көбірек соққы жасайды деп сенемін. Бірақ өткен жекпе-жекте ол бірнеше рет жақсы соққы жасаған», - деді Санчес Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.