Алматының «Орталық» стадионы UEFA Суперкубогын қабылдай алады

news-banner7
mobile-news-top
Беларусь ақпарат құралдары Алматының «Орталық» стадионы 2020 жылғы UEFA Суперкубогын өздерінде өткізе алады деп хабарлауда.

Олардың айтуынша Оңтүстік астанамызда орналасқан стадион Еуропа футбол федерациясының барлық талаптарына жауап береді. Еуропа Суперкубогы ойынын қабылдауға толық мүмкіндігі бар.

«Орталық» стадион осыдан тура 50 жыл бұрын пайдалануға берілген. Соңғы рет 2011 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жалпы 23804 жанкүйер бір уақытта ойынды тамашалай алады.

Сондай-ақ, өткен маусымда жарықтандыру жүйесі де жаңартылды. Стадионға ең жаңа заманауи бейнебақылау және электронды кіру жүйесі енгізілді. Бұнымен қоса алаңның табиғи төсеніші де өте сапалы. Міне, осының бәрі алматылықтардың өз қаласында UEFA Суперкубогын тамашалауына мүмкіндік береді.

Естеріңізде болса, осыған дейін Алматы қаласы «Орталық» стадионы 2020 жылғы UEFA Супер кубогын өткізуге ниетті екені хабарланған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер