Бокс

Мэнни Пакьяо: Ломаченкомен келіссөздер жүріп жаттыр

news-banner7
mobile-news-top

Бокстан сегіз салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы филиппиндік Мэнни Пакьяо екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы украиналық Василий Ломаченкомен жұдырықтасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz.

«Қазіргі таңда p4p көшбасшысы Василий Ломаченкомен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қай салмақта қолғап түйістіретініміз талқылануда. Мен боксты сағындым», – деді 39 жастағы Пакьяо.
Айта кетейік, Ломаченко екінші жартылай жеңіл салмақта ( 59 келіге дейін) өнер көрсетеді, ал Мэнни Пакьяо соңғы жекпе-жектерін жартылай орта салмақта (66,7 келіге дейін) өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер