Бокс

Эдди Хирн: Біз Ресейге бармаймыз

news-banner7
mobile-news-top

Аса ауыр салмақтағы WBA және IBF нұсқаулары бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуаның промоутері Эдди Хирн ресейлік Александр Поветкинға қарсы болуы ықтимал кездесу жайлы айтты, деп хабарлайды prosports.kz.

«2018 жылы Джошуа Поветкинмен кездесуі мүмкін. Оның промоутері қаржы мәселесі жағынан Ұлыбританияға келуі тиімсіз екенін жеткізді. Ал біз Ресейге бармаймыз», – деді Хирн.
Александр Поветкин Энтони Джошуа иеленген WBA титулы үшін міндетті үміткер саналады.
Айта кетейік, 31 наурызда WBO чемпионы Джозеф Паркерға қарсы жекпе-жек өткізеді. Ал Поветкин сол кездесудің андеркардында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер