Бокс

Семейде туған боксшыны нокаутпен жеңген әлем чемпионын «допинг патшасы» деп атады

news-banner7
mobile-news-top

Жаңазеландиялық боксшы Джозеф Паркер британиялық Энтони Джошуаны «стероидтар патшасы» деп атады. Оның сөзін Boxingscene басылымы келтірді.

Айта кетейік, бұған дейін британиялық Джозефті «бәліш патшасы» деп мазақ қылған. Джозеф Джошуаға бірден жауп қайтарды.

«Егер мен бәліш патшасы болсам, сен сероидтар патшасысың. Кім біледі ... Егер сенің бұлшықеттерің осыншалықты дәу болса, сенімен бір нәрсе дұрыс еместігінің белгісі», — деді Паркер.

26 жастағы Паркер WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы. Ол кәсіпқой рингта 24 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 18 нокаутпен.

Ал Джошуа 2017 жылдың сәуір айында украиналық Владимир Кличконы сұлатып, IBF, IBO,WBA белбеулерін біріктірген. Жеңілмеген британиялық 20 жекпе-жектің барлығын нокаутпен аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер