Бокс/Күрес/ММА

Уайт: Нурмагомедов пен Фергюсон 7 сәуірде UFC 223 турнирінде айқасады

Уайт: Нурмагомедов пен Фергюсон 7 сәуірде UFC 223 турнирінде айқасады
news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дэйна Уайт ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсонның айқасы 7 сәуір күні UFC 223 турнирінде өтетінін мәлімдеді.

Әзірге Уайт сарапқа салынатын белбеу жайлы тіс жармады. Естеріңізге салайық, бұған дейін шетелдік БАҚ өкілдері қос жауынгер жеңіл салмақтың уақытша титулы үшін жекпе-жекке шығатынын хабарлаған болатын. Алайда, Нурмагомедовтың менеджері Хабибтың уақытша титул үшін айқаспайтынын айтқан болатын.

Естеріңізге салайық, бұған дейін жеңілмеген Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон үш рет кездесу керек болған. 2017 жылы дағыстандық файтер салмақ өлшеу рәсіміне бірнеше сағат қалғанда есінен танып, ауруханадан бірақ шыққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер