Футзал

Еуро-2018. Ресей құрамасы кеңейтілген тізімді жариялады

news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Ресей құрамасының бапкерлік штабы Еуро-2018 додасына дайындық жиынына аттанатын команданың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды prosports.kz.

РФК таратқан мәліметке сүйенсек, Новогорскідегі жиын 17 қаңтарда басталды және оған 18 футболшы шақыртылды. Ал Еуропа чемпионатына 14 ойыншы барады. Ресей құрамасының қорытынды тізімі 26 қаңтар күні жарияланады.

Толық тізім: Қақпашылар: Георгий Замтарадзе (КПРФ), Дмитрий Путилов («Синара»), Сергей Слемзин («Газпром-Югра»); Алаңдағы ойыншылар: Сергей Абрамов («Синара»), Сергей Абрамович, Иван Милованов (екеуі де «Тюмень»), Янар Асадов, Артем Ниязов (екеуі де КПРФ), Андрей Афанасьев, Данил Давыдов, Катата, Дмитрий Лысков, Ромуло, Иван Чишкала, Владислав Шаяхметов (барлығы «Газпром-Югра»), Эдер Лима («Магнус футзал», Бразилия), Робиньо («Бенфика», Португалия), Эскердинья («Барселона», Испания).

Айта кетейік, шағын футболдан Еуропа чемпионаты Словенияда 30 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Ресей құрамасы B тобында Қазақстан және Польша құрамаларымен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер