Аршавин жоғалып кетті

 Аршавин жоғалып кетті
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда 4 қаңтар күні «Қайрат» командасының алғашқы оқу-жаттығу жиыны басталған. 18 қаңтарға дейін жалғасатын жиында команданың бас жұлдызы ресейлік Андрей Аршавин көрінбеді.

Оған клубтың ресми сайтында жарияланған команданың таңертеңгі жаттығуының видеосы дәлел. Отандық ақпарат құралдары команданың жартылай қорғаушысы жалпы жаттығуға қатыспай, өзі жеке бағдарлама бойынша дайындалып жүргенін хабарлады. Ал «Қайрат» клубының ойыншыларының айтуынша, 36 жастағы Андрейдің кішігірім жарақаты болғандықтан бапкерлер осындай шешім қабылдаған.

Айта кететін жайт, бұған дейін футболшы жолдасы Алиса Аршавинаның көзіне шөп салып, ұсталған болатын. Оған қоса Алисаның өзі «Аэрофлот» және қазақстандық модельмен басы дауға ілігіп, желіні шулатқан болатын. Бәлкім осы жағдайлардың барлығы футболшының жалпы командалық жаттығу жиынға қатыспауына себеп болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер