Қысқы

Қос Корея спортшылары Олимпиаданың ашылу салтанатына бірге шығады

news-banner7
mobile-news-top

Корей халық демократиялық республикасы (КХДР) мен Оңтүстік Кореяның ресми өкілдері қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында командалардың бірліктен туы астында шығу туралы келісімге келді.

Олардың келісіміне сәйкес, ақпанда Олимпиаданың ашылу салтында Солтүстік пен Оңтүстіктің Корея командалары Корей ұлтының бірігуін қалайтын ниетті ұстана отырып, ақ ту астында ортақ шеру құрып шықпақшы. Ортақ туда Корей түбегінің түсі ретінде көк түс бейнеленетін болады.

Бұл ұзақ уақыт жаулық көзғараста жүрген екі туысқан ұлттық өзара жақындастығының бастамасы болмақ.

КХДР Олимпиадалық командасы 150 адамнан тұратын болады. Спортшылар 1 ақпанда Оңтүстік Кореяға барады. Ал бір аптадан кейін 230 жанкүйер мен журналистер де келмек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер