Бокс

Бокс сарапшысы Головкинге Альваресті жеңудің жолын көрсетті

news-banner7
mobile-news-top

Boxingnews24.com сайтының шолушысы Шон Джонс орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтеді деп жоспарланып отырған екінші жекпе-жекте қандай әдіс-тәсіл қолдану керектігін ескертті - деп хабарлайды tengrinews.kz.

Танымал бокс сарапшысы өз мақаласында Головкин жеңіске жеткісі келсе Саульдің еркін қозғалуына мүмкіндік брмеуі керек екенін айтып отыр.

1. Мексикалықтың қашып жүруіне кедергі жасау.
2. Жақын аралықта бокстасу. Қарсыласының аралықты алыстатуына кеңістік бермеу. Бірінші кездесудегі Головкиннің қателігі - ол Альвареспен жақында жүріп жұдырықтаспады. Бұл "Канелоның" әр бұрышқа сырғақтап, қысымнан құтылып кетуіне мүмкіндік беріп қойды.
3. Саульді тек қорғаныста қалуға мәжбүр ету. Көп шабуылдау.
4. "Канелоның" қарымта соққыларынан сақ болып, өз соққыларын дарыта білу керек.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер