Қысқы

Қысқы Олимпиадаға қатысатын қазақстандықтар 20 қаңтарға дейін белгілі болады

news-banner7
mobile-news-top

Елімізден XXIII қысқы Олимпиадалық ойындарға 62 спортшы қатысады. Ұлттық құраманың қорытынды тізімі 20 қаңтардан кейін белгілі болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Асқар Можанов әкімдіктің мәжілісінде Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін Олимпиада ойындарында қазақстандықтардың қысқы спорт түрлерінің 9 түрі бойынша өнер көрсететінін мәлімдеді.

XXIII қысқы Олимпиада ойындары Корей елінің Пхенчхан қаласында 9-25 ақпан аралығында өтеді. Алдын ала мәліметтерге сүйенсең, дүбірлі додаға 80 елден 5 мыңнан астам спортшы қатысады. 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер