Бокс

Головкиннің промоутері: Реванш бойынша келіссөздер сәтсіздікке ұшырауы да мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер GGG мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы реванш жөніндегі келіссөздердің қалай жалғасып жатқаны жайлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

«Өткен аптада берген сұхбатымда реванштың 90% өтетінін айтқан едім. 100%-ға әлі қол жеткізілген жоқ, осы қалған 10% бүкіл келіссөздерді сәтсіздікке ұшыратып кетуі де мүмкін. Дәл қазір Геннадий Отанында жүр, шарттың барлығын келісу үшін оның келуін күтіп жүрміз. Егер Головкин барлығына келісімін берсе, қалған іс көпке созылмайды деп ойлаймын. Менің айтпағым, біз келіссөз жүргіздік, реваншты бірінші жекпе-жектен бір аптадан кейін-ақ өткізуіміз мүмкін еді. Бірақ талқылаулар төрт айға созылып кетті. Қазір жағдай былай болып отыр, егер тараптардың бірі шартқа көнбесе, мұнда бір гәп бар», - дейді Леффлер Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.

Сонымен қатар Промоутер қаңтардың соңына дейін бүкіл келіссөзді аяқтап, ресми мәлімдеме жасауға үміт етіп отырғанын айтты.





Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер