Елімізде футболшыларға төленетін жалақы төмендеді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан чемпионатында футболшылардың жалақысы төмендеуде. Бұл жайлы Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) есебінде айтылады. Бұл туралы отандық басылымдар жазып отыр.

Қазақстанда футболға жалақының тым көп төленетіні жайлы әңгіме өте қызғын тақырыптардың бірі. Осы мәселе жайлы пікір білдірген мамандардың көбі бұл фактор ел футболының дамуына кері әсерін тигізетінін айтады.

УЕФА-ға мүше елдердің арасында футболшыларға ең көп жалақы Англия чемпионатында төленеді. Премьер-Лига клубтарының орташа жалақы мөлшері 153,9 млн еуроны құрайды. Ал екінші орында тұрған Германия чемпионаты Ағылшындардан екі есе аз (75,3 млн еуро) төлейді. Үшінші орында 73,5 млн еуромен Испания лигасы тұр. Үздік бестікте Италия (68,2 млн еуро) мен Франция (51 млн еуро) чемпионаттары орналасқан. Бұлар Еуропаның TOP-5 чемпионаты.

Сонымен қатар УЕФА есебінде Қазақстан Премьер-Лигасында жалпы жалақы мөлшерінің азайғаны көрсетілген. Бұдан бөлек, Ресей, Грузия, Македония және Уэльс чемпионаттарындағы теңбіл доп шеберлері де бұрынғыдан аз жалақы алатын болады.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер