Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ЦСКА-мен тең ойнады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U18) ЦСКА-мен екінші рет жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

Бұл жолы алматылық клуб негізгі құрамымен өнер көрсетті.

Тимур Сегізбаев атындағы «Қайрат» футбол академиясының жасыл алаңында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Асхат Қадырқұлов жаттықтыратын ЦСКА командасы жылдам есеп ашты. Кездесудің небәрі төртінші минутында жартылай қорғаушы Айдын Ахмадиев көзге түсті. Бұл нәтиже үзіліске дейін сақталды.

Екінші таймда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қарқынын арттырып, таразы басын теңестірді. Матчтың 49-шы минутында мергендік танытқан шабуылшы Алияр Мұхамед еді.

Ерлан Махамбадиев шәкіттері енді Беларусь еліне жол тартады. Ол жақта 21-29 қаңтар аралығында өтетін Даму Кубогына қатысады. Біздің құраманың қарсыластары - Украина, Грузия және Молдова.

Қазақстан U18 – ЦСКА (Алматы) – 1:1 (0:1)

Голдар: Мұхамед 49 – Ахмадиев 4

Негізгі уақытта алаңға шыққан Қазақстан құрамасы: Дулат Батырханов, Дәуренбек Жүсіпов, Жалғас Жақсылықов, Әділжан Дүйсембаев, Руслан Жарлаев, Станислав Басманов, Дархан Меделхан, Хамит Шәміл, Ұлықбек Қайтмұратов, Федор Неумывакин, Матвей Герасимов.

Екінші таймда алаңға шыққан футболшылар: Асылбек Нұрсейіт, Бекзат Мұхамедәли, Бекзат Иманғазеев, Абылай Майдан, Ілияс Сәрсенбеков, Илья Демин, Әлішер Әжімов, Амал Сейітов, Алияр Мұхамед.



Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер