Еркебұлан Сейдахмет «Уфаның» жаттығуына қатысу үшін Кипрге аттанды

news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін «Уфаның» жаттығуына қатысу үшін Кипрге аттанды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұл жайлы футболшы өзінің инстаграм парақшасында жариялады. Шабуылшы ертеңнен бастап жаңа командасымен жаттығу жұмыстарын бастайды.



Бұған дейін «Уфаның» бас директоры Шамиль Газизов Сейдахмет клубтың жаттығу жұмыстарына 17 қаңтар күні келіп қосылатынын айтты.

Айта кетейік, «Уфа» клубы жаттығу жұмыстарына 14 қаңтар күні кірісті. Сергей Семактың бастамасымен уфалық футболшылары 12 күндік жаттығу жұмыстарын жасап, екі жолдастық кездесу өткізеді. Алдымен 22 қаңтар күні олар кипрлік «Алка» клубымен ойнаса, 25 қаңтар күні «Висамен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер