Бокс

GGG - «Канело» екінші айқасын жариялайтын соңғы мерзім аталды

GGG - «Канело» екінші айқасын жариялайтын соңғы мерзім аталды
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқаулары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер GGG мен «Канело» арасындағы екінші кездесуі жайлы соңғы жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды prosports.kz.

«Өткен аптада мен сұхбат беріп, екінші айқасқа 90%-ға дайын екенімізді жеткіздім. Менің айтып отырғаным, 100% келіскен жоқпыз, сол 10% кездесуге кедергі болуы мүмкін. Дәл қазір Генадий Қазақстанда жүр. Барлық шарттарды талқылау үшін оның оралғанын күтіп отырмыз. Егер Головкин шарттармен келіссе, барлығы ұзаққа созылмауы тиіс. Біз бірінші кездесуден бір апта өткен соң екінші жекпе-жекке шығуға дайын болдық және ол жайлы арнайы келіссөздер жүргіздік. Алайда, ол талықылауымыз төрт айға созылды. Екі тарап келісімнің шарттарына келіспей жатса, бір нәрсенің дұрыс еместігін білдіреді. Мен ешқашан соңғы мерзім берген емеспін. Егер біз қаңтардың соңына дейін екінші кездесу жайлы жарияламасақ, бір мәселенің туындағаны анық», — деді Леффлер Boxingscene.com. сайтына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер