Азат Нұрғалиев жаңа клубымен келісімшартқа отырды

Азат Нұрғалиев жаңа клубымен келісімшартқа отырды
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан ұлттық құрама ойыншысы Азат Нұрғалиев жаңа клубымен келісімшартқа отырды деп хабарлайды, prosports.kz қостанайлық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге салайық, Азат осымен екінші рет қостанайлық клубқа келіп отыр. Бұған дейін 2006 жылы «Тобыл» cапында өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионатының жеңімазы, ел кубогы мен Интертото кубогының иегері атанған болатын.

Шабуыл мен жартылай қорғаныста ойнайтын әмбебеп футболшы 2017 жылғы маусымда «Ордбасы» сапында 28 ойын өткізіп, бес гол соққан.

Айта кететін жайт, әзірге келісімшарттың мерзімі мен қаржы мәселесі жайлы ақпарат жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер