Бокс

Димаш Ниязбеков туған жерінде болды

news-banner7
mobile-news-top

Нью-Йорк қаласының ең үздік полицейі, боксшы Димаш Ниязбеков туған жері Оңтүстік Қазақстан облысында болып, Қазығұрт ауданының жұртшылығымен кездесті. Өзге елде жүрсе де қазақи қасиетінен айырылмаған тәртіп сақшысына аудан тұрғындары ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуде спортшы полицей жастардың сұрағына жауап берді. Өзі туралы баяндап кетті. Димаштың сөзінше, ол Шымкент қаласында дүниеге келгенімен, әкесі Исматтың туып өскен жері - Қазығұрт ауданының Атбұлақ ауылы. 13 жасында ата-анасы отбасымен мұхит асып, шетелде өмір сүруге шешім қабылдайды. Америкадағы алғашқы жылдар жерлесімізге оңай соқпаған. Дегенмен, өмірге деген құштарлық, жеңіске ұмтылудың арқасында 2 жылдың ішінде ағылшын тілін толық меңгерді. Кейін полиция академиясына түсіп, тәртіп сақшысы атанды.

Қысқа уақыт ішінде үлгілі жұмысының арқасында алдыңғы қатарлы полицей атанып үлгерді. Былтыр есірткі сататын қылмыстық топтың серкесін құрықтап, Нью-Йорк қаласының 2017 жылғы үздік полицейі атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер