Елімізде футбол маусымының қашан басталатыны белгілі болды

news-banner7
mobile-news-top

Елімізде жаңа футбол маусымының қашан басталатыны белгілі болды. Отандық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше 4 наурыз күні Суперкубок сарапқа салынатын болады. Ал араға бір апта салып Қазақстан премьер лигасының жаңа маусымы ресми басталады.

Суперкубокқа өткен жылғы ел чемпионы «Астана» мен кубок жеңімпазы «Қайрат» командалары таласатын болады. Бұл ойынды 4 наурыз күні «Астана Аренада» өткізу жоспарланып отырған көрінеді. Одан әрі қарай, 11 наурыз еліміздің жаңа чемпионаты жалауын желбірететін болады.

Чемпионаттың күнтізбесі әлі бекітілмеген. 22 қаңтарда өтетін кәсіпқой футбол лигасының отырысында бәрі белгілі болады деп күтілуде. Дәл сол күні кәсіпқой футбол лигасының жаңа басшысы да сайланатын болады. Осы күнге дейін бұл қызметті атқарған Азамат Айтхожин Қазақстан футбол федерациясының басшысы болып ауысып кеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер