Хоккей

Андрей Назаров «Нефтехимик» командасымен келісімшарт мерзімін ұзартты

news-banner7
mobile-news-top

Нижнекамсклік «Нефтехимик» командасы бас бапкері Андрей Назаровпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды клубтің ресми сайты. Андрей еліміз жанкүйерлеріне Қазақстан ұлттық құрамасының және астаналық «Барыс» командасының бұрынғы бапкері ретінде жақсы таныс.

43 жастағы ресейлік маман қазіргі командасымен 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін келісімге отырды. Ол клуб тізгінін 2016 жылдың қазан айында ұстаған болатын.

Осы маусымда «Нефтехимик» 82 ұпай жинап, шығыс конференциясында бесінші орынды иеленіп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер