Талғат Байсуфинов: Барлық қарсыласпен ойнауға болады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан жастар құрамасының жаңа бапкері Талғат Байсуфинов Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сұхбат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды ҚФФ-тің ресми сайты.

- Талғат Маруанұлы, Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалуыңызбен құттықтаймыз!

- Рақмет. Қазақстан футбол федерациясының сенім артқанына үлкен алғыс білдіремін. Осы сенімді ақтауға тырысамын.

- Қазақстан жастар құрамасының барлық футболшыларының ойын тәжірибесі жеткілікті емес. Бұл мәселе сіз үшін қаншалықты қиындық туғызады?

- 2017 жылдың басында бұл нағыз проблема болатын. Қазіргі таңда футболшылар өздерінің болашағы үшін жауапкершілікті түсінеді. Сол себепті өз клубтарында негізгі құрамда ойнауға құқығы бар екенін дәлелдеуге тырысады. Қазақстан жастар құрамасына шақырту футболшыларға берілген үлкен мүмкіндік екенін түсінген жөн. Ел намысын қорғайтын футболшы әрі қарай шеберлігін ұштай түсуі тиіс. Федерация жастар құрамасының оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыруға барлық қажетті жағдайды жасап отыр. Құрама мен клубтің ойындарында жақсы нәтиже көрсету арқылы бедел жинауға болады. Сондай-ақ, тұрақты ойын тәжірибесіне ие болады.

- Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластар туралы не айтасыз?

- Францяидан бөлек, қалған қарсыластардың барлығының деңгейі бірдей. Оларға қарсы ойнауға болады.

- Команданың алдағы жоспары қандай?

- Алғашқы оқу-жаттығу жиыны 9 ақпанда басталады және 20 ақпанға дейін созылады. Жиын Түркияда өтпек. Сонымен қатар, осы кезеңде екі жолдастық кездесу жоспарланған. Осыдан кейін наурыз айында өтетін ресми кездесуге жиналамыз.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде бес ойын өткізіп, турнир кестесінде Болгария, Люксембург және Черногория құрамаларының алдында тұр. Біздің құраманың қоржынында алты ұпай бар.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер