«Астана» Твумасиді алып қалуға бел байлады

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасы ганалық шабуылшысы Патрик Твумасиді ешқайда жібергісі келмей қалды, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Түркияның «Бурсаспор» клубы Твумасиге қанша қызыққанымен қазақстандық тараптың талабын қанағаттандыра алған жоқ. Олар ұсынған 1,5 млн еуро «Астана» үміт еткен 3 миллионның тең жарымындай ғана болды.

Ал астаналықтар бұндай аз сомаға Патрикті сатқанша келісімді ұзартып, өзімізде алып қалған тиімді деп есептейді. Осы мақсат үшін футболшының агентімен келіссөзді бастап кеткен.

Естеріңізде болса, осының алдында клубтің бас бапкері Станимир Стоилов мырза да кетіп бара жатқан жерінен қайтып келіп, қазақстандық командамен тағы бір жылдық шарт жасасқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер