Әлем футболы

Перес Роналдудан құтылғысы келеді

news-banner7
mobile-news-top

«Реал» президенті Флорентино Перес команданың көшбасшы ойыншысы Криштиану Роналдуды сатуға рұқсатын берген көрінеді.

Мадридтік команда басшысы Роналдудың агенті Жорже Мендешпен кездесіп ойыншығы жаңа клуб іздестіруді тапсырған.

32 жасар португалиялық ойыншының клуб президентіне өкпесі қара қазандай. Перес Роналдуға жаңа келісім ұсынып айлығын көтеруді уәде еткенімен сөзінде тұра алмаған.

Роналдудың «Реал» клубымен қазіргі келісімі 2021-жылы аяқталады.

Криштиану өзінің бұрынғы клубы «Манчестер Юнайтедке» қайтып оралады деген әңгіме жиі айтылуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер