Әлем футболы

Футболдан Ресей Суперкубогы Қазақстанда өтуі мүмкін

Футболдан Ресей Суперкубогы Қазақстанда өтуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан 2018-жылғы Ресей Суперкубогы Қазақстанда өтуі мүмкін. Бұл туралы Ресей футбол лигасының басшысы Сергей Прядкин айтты. Қазақстанмен қатар Катар да Суперкубок ойынын өткізуге өтініш тастаған.

«Қазақстан және Катар елдерінен Суперкубок ойынын өткізсек деген ұсыныс алдық. Біз ойланатын боламыз. Клубтармен ақпанның басында өтетін орнын белгілейміз деген келісімге келдік», - деді Прядкин.

Ресей Суперкубогы 2003-жылдан бері өтіп келеді. Соңғы рет Суперкубок ойыны Мәскеуде «Локомотив» алаңында өткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер