Басқа

ШҚО спортшылары су добынан Республикалық турнирде топ жарды

ШҚО спортшылары су добынан Республикалық турнирде топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Шығысқазақстандық спортшылар Қарағанды қаласында 2006 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында өткен су добынан «Алтын доп» турнирінде жоғары нәтиже көрсетті.

Аталмыш республикалық турнирде Шығыс Қазақстан облысының «Тайфун» құрамасы Астана қаласының спортшыларынан 9:4 есебімен басым түсіп, айқын жеңіске жетті. Өңір намысын жаттықтырушы Р.Белицкийдің жетекшілігімен ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ тәрбиеленушілері қорғады.


ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер