«Ертіске» аргентиналық шабуылшы келді

news-banner7
mobile-news-top

Павлодарлық клубтың Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына кезекті ойыншылар келді.

Қаралымда 22-жасар жартылай қорғаушы Дору Попадюк бар.Футболшы «Чахлэул» ФК тәлімгері болып табылады. Жас вингер Румыния елінің чемпионатында ғана өнер көрсеткен екен. Соңғы екі жыл бойы «Волунтари» ФК сапында болған. Сонымен қатар, жартылай қорғаушы Румыния елінің жасөспірімдер және жастар құрамаларындағы ойын тәжірибесіне де ие.

Бұдан бөлек, павлодарлық клубтың қаралымында аргентиналық шабуылшы Серхио Унреин де бар.26-жасар форвард, аты аңызға айналған «Бока Хуниорс» клубының тәлімгері.Чили, Перу, Аргентина елдерінің чемпионаттарында өнер көрсеткен. Өткен жылы Венесуэла елінің «Сулия» ФК намысын қорғаған еді.

Түпнұсқасы: «Ертіс» ФК-ның баспасөз қызметі. Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер