Бородюкке қызметінен босатылғаны жөнінде хабарлама келді

Бородюкке қызметінен босатылғаны жөнінде хабарлама келді
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк жуық арада қызметінен босатылады.

Prosports тілшісіне белгілі болғандай, ҚФФ ресейлік маманға қызметінен босатылғаны жөнінде хабарлама жіберген. Әзірге бұл туралы ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Александр Бородюктың қол астында Қазақстан құрамасы тарихындағы ең нашар нәтиже көрсетті. Бородюктың қол астында Қазақстан құрамасы жеті ойын өткізген. Оның алтауында жеңіліс тапса, біреуінде тең түскен.

Ал FIFA-ның жылдық рейтингісінде Қазақстан құрамасы 97 орыннан 137-ші сатыға төмендеді.

Айта кетейік, ҚФФ бас хатшысы Қаныш Әубәкіров қызметінен кеткеннен соң Қазақстан құрамасының қазіргі бас бапкері Александр Бородюк орнын босатады деген сыбыс шыққан. Себебі ресейлік маманды Қазақстанға Қаныш Әубәкіров шақырған еді. 55-жастағы ресейлік маман футболдан Қазақстан құрамасының тізгінін осы жылдың 27 ақпан айынан бері ұстап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер