Бокс

Головкинның бапкері «Канеломен» өткен бірінші кездесуде қандай қателіктер болғанын айтты

news-banner7
mobile-news-top

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинның (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес Yahoo! Sports басылымына берген сұхбатында қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өткізген алғашқы жекпе-жегінде қандай қателіктер жібергенін және алдағы реванш матчтан не күтетінін айтып берді.

"Әлі көп жұмыс істеу керек, келесі жекпе-жекке дайындық керек. Геннадий алғашқы кездесуде өз пайдасына қолданып қалуға болатын сәттерді өткізіп алды. Ал "Канело" нокаутқа түсіп қалмауы үшін жұдырықтасты. Меніңше, ол жақсы жұдырықтасты", - деді Абель Санчес сұхбатында.

"Қарсыласың рингте жүгіріп жүрсе де қиын. Геннадий бірнеше раунд бойы "Канелоны" ұрмақ болды, бірақ рефери оған арқасынан ұрмау керектігін ескертіп жүрді. "Канело" Головкин оның денесінен ұрмауы үшін әдейілеп солай айналып жүрді", - деді бапкер.

Түпнұсқасы: kaz.tengrinews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер