Жеңіл атлетика

Қазақстан чемпионаты: Алғашқы жеңімпаздар анықталды

news-banner7
mobile-news-top

15 қаңтарда Өскеменде жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты басталды.

Таңертеңгі бағдарламада үш сайстың жеңімпаздары анықталды. Қарағандылық Екатерина Нестерова осыдан 5 күн бұрынғы жетістігін қайталап, ядро серпуден үздік шықты.20 жастағы спортшы Қазақстан кубогының бірінші кезеңінде 13,61 метр лақтырса, бұл жолы, 13,54 метрмен шектелді. Екінші орынға Ольга Хижнякова ие болса, үздік үштікті Эрика Кем қорытындылады.

Ал ерлер арасындағы 2000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қатысушылар саны кубокпен салыстырғанда көбейген. 5 күн бұрын жалғыз Жасұлан Абеловтан басқа ешкім болмаған. Бұл жолы 8 спортшы өнер көрсетті. Олардың арасында Дмитрий Иванчукова (Жамбыл облысы) қара үзіп шықты (5,52,62 мин). Күміс жүлдені Рахымжан Келманов Қызылорда облысы) еншілесе, үштікте Жасұлан Абелов бар.

Әйелдерден дәл кубоктағыдай екі спортшы болды. Солтүстік Қазақстан атынан келген Елизавета Астафьева мен Лада Фомина өзара бір мен екінші орынды бөлісті. Алғашқысы айтарлықтай уақыт көрсеткішімен жеңіске жетті.

15 қаңтар. Жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты.

2000 метрге кедергілер арқылы жүгіру, ерлер:

1. Дмитрий Иванчуков (Жамбыл облысы) – 5.52,62 мин.

2. Рахымжан Келманов (Қызылорда облысы) – 5.55,80 мин.

3. Жасұлан Абелов (ОҚО) – 6.01,77 мин.

2000 метрге кедергілер арқылы жүгіру,әйелдер:

1. Елизавета Астафьева (СҚО) – 7.09,78 мин.

2. Лада Фомина (СҚО) – 7.33,94 мин.

Ядро серпу, әйелдер:

1. Екатерина Нестерова (Қарағанды облысы) – 13,54 м

2. Ольга Хижнякова (ШҚО) – 12,07 м

3. Эрика Кем (ШҚО) – 11,32 м

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер