Әлем футболы

Өзбекстан құрамасының бұрынғы бас бапкері футболдан өмір бойына шеттетілді

news-banner7
mobile-news-top

Өзбекстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Самвел Бабаян өз елінде футбол спортынан өмір бойына шеттетілді, деп хабарлайды prosports.kz ресейлік басылымдарға сілтеме жасап.

Мұндай шешімді Өзбекстан футбол федерациясы қабылдаған. Федерацияның мәліметіне сүйенсек, Бабаян футболшылардың келісімшартына өздігінен өзгерістер енгізген. Сонымен қатар, құрамаға тек таныс ойыншыларын шақыртып, білікті мамандардың кеңесіне құлақ аспаған.

Айта кететін жайт, оның басшылығымен Өзбекстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетті.

Естеріңізге салайық, 46 жастағы Бабаян Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатынан тыс қалған соң қыркүйек айында қызметінен босатылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер