«Каспий» клубының директоры қызметінен кетті

«Каспий» клубының директоры қызметінен кетті
news-banner7
mobile-news-top

«Каспий» клубының директоры Асқар Әбілдаев өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш жазды. Бұл туралы aktausport.kz сайты хабарлады.

Асқар аталмаш қызметке 27-шілдеде кіріскен болатын.

«Каспий» клубына дейін Әбілдаев «Шахтер» клубында атқарушы директор қызметінде болған.

Спорттық мансабында «Шахтер» және «Қайрат» клубтарында доп тепкен. Қазақстан чемпионы, Қазақстан Кубогында топ жарған. Сонымен бірге ел біріншілігінің күмісі мен қоласын еншілеген.

Әлі күнге дейін «Каспий» клубының қайда ойнайтыны белгісіз күйдеқалуда. Себебі «Мұнайшы» алаңына жаңа төсеніш әлі күнге төселген жоқ. Өткен жылдың желтоқсанынан бері клубтың ресми сайты да жұмысын тоқтатқан.

Естеріңізге салсақ, «Каспий» өткен жылы бірінші лигада артынан санағанда екінші орынды еншілеген. Бұл ақтаулық клуб үшін бірінші лигадағы ең төмен көрсеткіш.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер