Қысқы

«Ақжайық» «СКА-Свердловск» командасын екінші рет ұтты

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» «Стеновик» стадионында «СКА-Свердловск» (Екатеринбург) командасымен екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсетіп жүрген қос команда арасындағы бұл кездесу де тартысты өтті. Алдымен 24-минутта қонақтардан Евгений Быков мергендік танытып, есеп ашты. Екінші таймда айдын иелері қарымта қайырды. Алдымен 59-минутта ресейлік легионер Сергей Пантеев таразы басын теңестірді. Ал 60-минутта Андрей Гущин жеңіс голын соқты.

Осылайша, «Ақжайық» екі минуттың ішінде ойын тағдырын шешті. Ресейлік маман Владимир Кожевников жаттықтыратын оралдықтар кеше қарсылас команданы 4:2 есебімен тізе бүктірген болатын. Қос жеңістен кейін «Ақжайық» екінші топта 17 ұпай жинап, «Локомотив» (Орынбор) командасымен үшінші-төртінші орындарды бөлісуде. Батысқазақстандықтар келесі бәсекелелерін Оралда 18-19 қаңтарда осы топта 27 ұпаймен екінші орында келе жатқан «Маяк» (Краснотурьинск) командасымен өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер