«Мен Қазақстанға қарыздармын!». Лулаку «Астанадан» кеткенін айтты

news-banner7
mobile-news-top

Албания құрамасының шабуылшысы Аздрен Лулаку елордалық «Астана» клубынан кетті, деп хабарлады отандық сайттардың бірі.

Лулаку «Астанаға» 2016 жылдың желтоқсан айында ауысып, екі жылдық келісімшарт жасаған еді. Өткен маусымның бірінші бөлігінде албаниялық шабуылшы Қазақстан Премьер-лигасында 17 кездесуге қатысып, 1 гол соқты. Жазда «Астана» шабуылшыны «Тобылға» жіберген. Қостанайлық команданың сапында ол 13 кездесуге қатысып, қанжығасын майлай алмады.

«Бүгін менің «Астанамен» жасаған сапарым аяқталады. Барлық жанкүйерлерге, футболшыларға және «Астана» сапында жұмыс істейтін қызметкерлерге алғыс айтамын. Барлықтарыңызға сәттілік. Мен Қазақстанға қарыздармын!», - деп жазды Лулаку өзінің Instagram парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер