«Ордабасы» футболшыларына төрт айлық жалақы қарызы төленді

news-banner7
mobile-news-top

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубының ойыншыларына жалақы қарызы толығымен төленді. Бұл туралы команданың ойыншысы Кирилл Ковальчук мәлімдеді.

Кирилл Ковальчук клубтың ресми сайтына берген сұхбатында ойыншылардың қазіргі жағдайы туралы айтып өткен.

«Қазір жаттығуларды бастап кеттік, барлығы да өз жұмысын жауапкершілікпен, 100 пайызға атқаруда. Көрініп тұр, барлығының көңіл-күйі, жаттығуға деген ынта-ықыласы жақсы. Алғашқы күннен бастап ойыншылардың алдына тиісті талаптар қойылып жатыр. Жаңа бапкермен танысып, оның талаптарын тыңдадық. Басшылық тарапынан алғашқы қадам жасалды. Уәделерінде тұрып, барлық жалақы қарыздарын төледі. Жаңа жылда қарызсыз бастағанның өзі жақсы емес пе?!. Біз соңына дейін сендік, басшылықпен келіссөздер жүрді. Сондықтан жаңа маусымда барымызды салып жұмыс істеуге дайынбыз»,- дейді Кирилл Ковальчук.

Айта кетейік, «Ордабасы» футбол клубында төрт ай көлеміндегі жалақы қарызы қордаланып қалған болатын. Тіпті команданың бас бапкері Алексей Петрушин қызметінен кетті. Ал биылдан бастап командаға жаңа бапкер келіп, ойыншылар Түркияда жаңа маусымға кезекті дайындықтарын бастап кетті. Ойыншылар алмасып, командаға «Ертістің» қорғаушысы Дамир Дәуітов пен украиналық қорғаушы Игорь Сикорский келді. Осы аптада сондай-ақ сенегалдық футболшы Абдулай Диакате команда сапына қосылады деп күтілуде.

sport.inform.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер