Талғат Байсуфинов жаңа қызметке тағайындалды

Талғат Байсуфинов жаңа қызметке тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қазақстан Футбол Федерациясының кеңсесінде Жаттықтырушылар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінен Владимир Никитенко кеткеннен кейін, оның орнына Талғат Байсуфинов тағайындалды.

Талғат Байсуфинов ойыншы ретінде павлодарлық «Аңсат» («Ертіс») және Қазақстан Ұлттық құрамасының намысын қорғады. Сонымен қатар, «Металлург» (Ақсу, Павлодар облысы), «Еңбек» (Жезқазған), «Жетісу» (Талдықорған), «Маңғыстау» (Ақтау), «Екібастұз» (Екібастұз) және «Восток» (Өскемен) клубтарында ойнады.

Бапкерлік қызметін «Ақсудан» (Степногорск) бастап, «Ертіс» (Павлодар) және «Ақжайық» (Орал) командаларында жалғастырды. Сонымен қатар, қызылжарлық «Есіл-Богатырь» клубының жаттықтырушылар штабына енді. Талғат Маруанұлы павлодарлық «Ертіспен» ел чемпионатының күміс және қола жүлделерін жеңіп алды. Қазақстан Кубогының финалына да шыққан еді.

2016 жылы Қазақстан Ұлттық құрамасын жаттықтырып, жолдастық кездесулерде Әзірбайжан және Қытай құрамаларын ұтты. 2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңінде Польша және Румыния құрамаларымен тең түсті. 2017 жылы Қазақстан Футбол Федерациясында техникалық директор қызметін атқарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер