Қысқы

Алматыда тегін коньки тебуді үйрету сабақтары жалғасуда

news-banner7
mobile-news-top

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары қайта басталды, деп хабарлайды Ақпараттық және спорттық ХАБ.

Тәжірибелі нұсқаушылар «Март» сауда орталығының жанында және Дубок ықшам ауданындағы Центральная 8г көшесінде орналасқан тегін мұз айдындарының келушілерін тегін коньки тебуді үйретті.

Сонымен қатар, мұз айдынның қонақтары көптеген қызықты ойындарға қатысып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Ұйымдастырушылар келушілерге керемет көңіл-күй сыйлап, бүлдіршіндерді түрлі сайыстармен қызықтырды. Ата-аналардың айтуынша, балаларға алаңдаудың қажеті жоқ, олар нұсқаушылармен бірге уақытты қызықты өткізуде.

- Біз қала әкімдігінің осындай шараларды өткізіп жатқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Менің балаларым күн сайын келіп, коньки тебуді үйренді. Әрине, кәсіби шұғылданбаймыз, бірақ, тегін мұз айдындардың арқасында сырғанауға жиі келіп тұрамыз. Осы маңда тұрамыз, сондықтан, өте ыңғайлы. Онымен бірге, бүгін ұйымдастырушылар келушілерге жақсы көңіл-күй, сыйлықтар сыйлады. Балаларға өте ұнады. Мұндай сайыстар олардың ынталарын арттырары сөзсіз, - деп бөлісті қала тұрғыны Ернар Шалабаев.

Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады. Бұл науқан «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 25-ші ақпанынан бастау алып, әр жексенбі сайын өтуде.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер