Жеңіл атлетика

Спортшылар мен бапкерлер допингке қарсы заң жобасының өзгерістерімен танысты

news-banner7
mobile-news-top

Өскемен қаласындағы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика кешенінде «Допингке қарсы заң жобасының өгерістері» атты семинар өтті.

Семинарды ҚР жеңіл атлетика федерациясының Ғылыми-техникалық орталығы ұйымдастырды. Оған 50-ден астам тыңдаушы қатысты. Олардың арасында ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоров, аға бапкерлер –Любовь Никитенко, Виктор Евсюков, Артем Жигалов және облыстық федерациялардың жаттықтырушылары болды.Допингке қарсы заң жобасына енгізілген өзгерістерді бапкерлер мен спортшыларға Шығыс Қазақстан облыстық «Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КММ директорыАлександр Лущаев пен ҒТО жетекшісі Александр Кругликов түсіндіріп айтып берді.+

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) жақында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген препараттардың тізімін жариялаған болатын.Тыйым салынғандар тізімінің ресми мәтінін WADA бекітеді және ағылшын, француз тілдерінде жариялады. Ағылшын және француз тіліндегі болжамдарында сәйкессіздік болған жағдайда, ағылшын болжамы басым болады. Кез келген препаратты қолдану медициналық көрсетулермен шектелуі тиіс.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер