Хоккей

Алматылықтар ірі жеңіске қол жеткізді

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда Halyk Arena мұз айдынында ерлер арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының екінші кезеңінің кезекті ойындары өтті.

Алматы xоккей клубы өз алаңында елордалық «Астана» командасымен екі матч өткізіп 12:1 және 7:0 есептерімен ұтты. Бірінші күні өткен ойында алматылықтардың сапынан Цирулев 29 -ші секундта есеп ашып, Спиридонов, Казначеев, Мазунин, Борисенков, Смоилов және Евграфов, Рахманов, Ядрышниковтың қос голдары ірі есепке жеткізді. Ал, қонақтардың атынан жалғыз шайбаны Хрестьяновский салды.

Екінші кездесуде де алаң қожайындары қарсыластарынан басым болды. Казначеев, Евграфов, Шерстюков, Абрамочкин, Ядрышников, Рахманов, Алдамжаров сынды ойыншылардың соққылары қақпаға дәл тиіп 7:0 есеп болуына өз септігін тигізді.

-Барлық ойындар біз үшін маңызды, себебі осылар арқылы біз плей-офф-қа дайындалудамыз. Қарсыластарымыз жақсы болды, тәжірибелі әрі жас ойыншылар екені көрініп тұр. Бізде бірнеше гол салатын мүмкіндіктер болды, бірақ пайдалана алмадық, - деді «Алматы» ойыншысы Никита Цирулев.

Айта кету керек, 18-19-ші қаңтар күндері алматылықтар «Теміртау» командасына қонаққа барып, ал, 23-24 қаңтар өз алаңдарында «Құлагерді» қабылдамақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер