Жеңіл атлетика

Жабық кешендегі Азия чемпионатына қатысатын құрама жасақталды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Иран астанасы Тегеранда өтетін жабық кешендегі Азия чемпионатына қатысатын құраманы жасақтады.

Азия чемпионаты 1-3 ақпан аралығында өтеді. Құрама сапында 22 спортшы бар (10 ер, 12 әйел). Ерлер 13 сайыстың алтауында, әйелдер сегізінде өнер көрсетеді.

2017 жылы Ашхабадта өткен жабық кешендегі Азия ойындарында жүлде алған бес спортшы Тегеранда да ел намысын қорғайды. Олар – Виктория Зябкина, Элина Михина, Иван Иванов, Мария Овчинникова, Михаил Литин.

Сонымен команда құрама қандай:

Ерлер

1. Владислав Григорьев (Қарағанды облысы 1997) – 60 метрге жүгіру;

2. Михаил Литвин (СҚО, 1996) – 400 метр, 4х400 метрлік эстафета;

3. Дмитрий Коблов (ОҚО, 1992) – 4х400 метрлік эстафета;

4. Игорь Кондратьев (Павлодар облысы 1991) – 4 по 400 метров;

5. Андрей Соколов (Алматы, 1995) – 4х400 метрлік эстафета;

6. Вячеслав Земс (Қарағанды облысы, 1998) – 60 метрге тосқауыл арқылы жүгіру;

7. Роман Лошкарев (Алматы, 1996) – биіктікке секіру;

8. Никита Филиппов (Алматы, 1991) – сырықпен секіру;

9. Даниил Полянский (Қарағанды облысы, 1991) – сырықпен секіру;

10. Иван Иванов (Алматы облысы, 1992) – ядро серпу;

Әйелдер

11. Виктория Зябкина (Алматы, 1992) – 60 метр, 4х400 метрлік эстафета;

12. Рима Кашафутдинова (Қарағанды облысы, 1995) – 60 метрлік жүгіру;

13. Элина Михина (ШҚО, 1994) – 400 метр, 4х400 метрлік эстафета;

14. Светлана Голендова (Жамбыл облысы, 1993) – 400 метр, 4х400 метрлік эстафета;

15. Любовь Ушакова (Қарағанды облысы, 1997) –4 х400 метрлік эстафета;

16. Татьяна Нерознак (Қостанай облысы, 1989) – 1500 метрге жүгіру;

17. Әйгерім Шыназбекова (Алматы, 1992) – 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру;

18. Надежда Дубовицкая (ШҚО, 1998) – биіктікке секіру;

19. Анастасия Ермакова (Алматы, 2000) – сырықпен секіру;

20. Ирина Эктова (СҚО, 1987) – үш қарғып секіру;

21. Мария Овчинникова (Қарағанды облысы, 1998) – үш қарғып секіру;

22. Надежда Кирнос (Маңғыстау облысы, 1994) – бес сайысы.

Айта кетейік, 15-16 қаңтарда өтетін Қазақстан чемпионаты мен 20 қаңтардағы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнирде Михаил Литвинмен бірге 400 метрге жүгіретін екінші спортшы анықталады.

2. 800 метрге жүгіру, ер – 1:50.00 (командаға қабылдану нормативі)

3. 800 метрге жүгіру, әйел – 2:06.00 (командаға қабылдану нормативі)

4. үш қарғып секіру, ер – 16,40 (команда қабылдану нормативі).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер