«Бурсаспор» Твумасиден басқа шабуылшы сатып алды

news-banner7
mobile-news-top

Түркияның «Бурсаспор» командасы «Аль-Ахли» (Біріккен Араб Әмірлігі) шабуылшысы Мусса Соумен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды отандық басылымдар.

31 жастағы шабуылшыны жарты жыл жалға алғаны үшін арабтарға 800 мың еуро төлейтін болады.

Түріктер бұмен тоқтап қалғысы келмейді. Олардың ендігі мақсаты «Астананың» шабуылшысы Патрик Твумаси. Ганалық футболшының трансфері үшін келіссөздер жүргізілуде, бірақ екі тарап әлі бағаға келісе алар емес. «Бурсаспор» командасы 1,5 млн еуро төлеуге дайын, бірақ қазақстандық клуб бұл сомаға қанағаттанбай отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер