Бокс

Энтони Джошуа мен Джозеф Паркер белдеседі

news-banner7
mobile-news-top

WBA(Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Энтони Джошуа (20-0, 20 КО) Жаңа Зеландия боксшысы, WBO белдігінің иегері Джозеф Паркермен (24-0, 16 КО) белдеседі.

Жекпе-жек 31 наурызда Уэльстің астанасы Кардифф қаласындағы Principality деген футбол стадионында өтеді. Бұл туралы Mathcroom промоутерлік компаниясы және боксшылардың өздері Sky Sports теле арнасына мәлімдеген.

Джошуа соңғы кездесуін 28 тамызда камерондық Карлос Такаммен өткізіп, техникалық нокаутпен жеңді. Ал Паркер 23 қыркүйекте Британ боксшысы Хьюи Фьюриден төрешілердің шешімімен басым түскен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер