TasBet01
Әлем футболы

АПЛ-дың ең нәтижелі командалары бүгін де білгенінен жаңылмас

АПЛ-дың ең нәтижелі командалары бүгін де білгенінен жаңылмас
news-banner7
mobile-news-top

АПЛ ең тартысты біріншілік саналатын еді. «Манчестер Сити» командасына бас бапкер болып Хосеп Гвардиола келгеннен бері бәрі өзгерді. Қарсылас біткеннің бәрін қоғадай жапырып келе жатқан «Манчестер Сити» биылғы біріншілікте әлі күнге дейін жеңілістің кермек дәмін татып көрген жоқ. Ешбір клуб Пепке қарсы амал таба алмай пұшайман болуда. Тең нәтиженің өзі арман қазіргі «Манчестер Сити» қарсыластарына. АПЛ-дың кезекті турында Хосеп Гвардиола тағы бір таңдаулы маман тізгінін ұстаған «Ливерпульден» үш ұпай ұстап қайту үшін «Энфилдқа» қонаққа келмек.

«Энфилдта» ешкімге оңай соққан емес. Талай таңдаулы ұжымды түк бітіре алмай кеткен кездері аз емес.

Юрген Клопп баптайтын «Ливерпуль» дәл қазір бабында. Коутиньо «Барселонаға» бауыр басып кетті демесеңіз өзгелері бүгінгі ойынға сақадай сай. Клопп командасының қорғанысын сөгетіндер көп болатын. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін 75 млн фунтты көпсінбей Вирджил Ван Дейкті аттай қалап алдырған.

Шабуыл өтінде Салахқа сенім артылары анық. Фирмино мен Мане де маңызды рөлге ие. Бұл үштіктің алаңнан голсыз кеткен кезі санаулы. Бүгін де қанжығалары майлануы тиіс.

Ал «Манчестер Сити» - оқтаулы мылтық. Кез келген кезде атыла салады.

Бүгінгі кездесуден ашық ойын күтеміз. 2-2 деген есепті көріп қалуымыз да ғажап емес. Ойлана келе бұл ойынға жалпы тотол 3.5 көп деген болжамға келдік. 2.43 коэфиценті

«Манчестер Ситиді» биыл біріншілікте ешкім қуып жете алмайтын шығар. Дегенмен өзгелері Пеп командасын қуып жете алмайды екенбіз деп арқаны кеңге сала алмайды. Чемпиондық тағдыры жартылай шешіліпқойғанымен Чемпиондар лигасының жолдамасына талас қызып тұр. Үш жолдамаға бес команда үмітті. Солардың арасында Арсен Венгердің «Арсеналы» да бар. Бүгін лондондықтар «Борнмутпен» кездеседі. Венгер командасы бүгін жеңіске жетуі тиіс. Екі немесе одан көп доп айырасымен ұтса да таң қалмаймыз.

Болжам: «Арсеналдың» жеңісі -1.5 форамен - 3.06 коэфицент.

Франция біріншілігінде "Лион" "Анжені" қабылдайды екен. Алаң қожайындырының жеңіс көп күмін тудырмайды.

Болжам: «Лионның» жеңісі -1.5 форамен 2.23 коэфицент.

Үш ойынның қортындысында 17.08 коэфицентіне ие боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер